«Кішкентай ханзада»

«Кішкентай ханзада»

2023 жылдың 9, 10 наурыз күндері  сағат  19:00-де, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында  француз авторы Антуан де Сент-Экзюперидің ең танымал аллегориялық шығармасы «Кішкентай ханзада» ертегісінің желісімен қойылған премьерасы өтеді. Режиссері: Нұржігіт МуслимовТеатрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Кішкентай ханзада, ересектерге арналған ертегі. Мен бұл оқиғамды ғажайып ертегідегідей етіп бастаушы едім. Анықтап айтсам, былай деп бастар едім: «Ерте, ерте, ертеде кішкентай бір ханзада болыпты. Ол өзінен сәл ғана үлкен планетада тұрып, досқа өте зәру болыпты»деп,бірақ ересектерге арналған ертегі болмайды.Демек бұл ертегі емес,өмірді жақсы түсінетіндер үшін бұл күмән келтірмейтін шындық