- «Театр 180⁰» спектаклімен 2019 жылы Семей қаласында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған XXVII Республикалық театр фестиваліне қатысып, «ҮЗДІК ДЕБЮТ» номинациясымен және театр актрисасы Гүлмира Жакилина Дотти рөлі үшін «ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ» номинациясының иегері атанды.
- Театр актері Бидахмет Әли 2019 жылдың 26-29 қаңтар күндері Мәскеуде өткен ІХ халықаралық А.П.Чехов атындағы көркемсөз оқулары байқауында ІІІ дәрежелі лауреат атанды.
- 2019 жылы театр Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Театр күні-2019» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
- Театр күні марапатқа ие болған театр артистері мен қызметкерлері: Астана қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатымен: труппа жетекшісі Биримкулов Ернияз Рыскулович, театр актері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы және Валиева Альбина Ерікқызы. 2. Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатымен: Жолболдин Асет Мамраевич, Муслимов Нуржигит Акылбекович, Алпысбаева Ләззат Қайратқызы, Жанзакова Аида Каржаубаевна, Асқарбеков, Бейбарс Бақбергенұлы.
- Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатымен: Имангазинов Баглан Садыкович, Жакилина Гульмира Тлебалдиевна, Қалдар Әли Жарасұлы, Айымғазы Еңілік Ерболқызы, Ағымбай Айша Еркебұланқызы.
- Өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай «Nomad City Hall» МКҚК, Номад театрының кадр маманы Бақыт Каировна, театр музыканты Нұрсұлтан Нұриддинұлы, жарықпен әрлеуші Дамир Шәріпұлы Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың АЛҒЫС ХАТымен марапатталды!
- Театрымыз «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» оңалту шарасына қатысып, қайырылымдылық концертін өткізіп, директор Е.Қ.Аманбайдың атынан алғыс хатпен марапатталды.
- Қазан айында Астана қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өнер мекемелері арасында өткен «Ой-зерек» интеллектуалды сайысында театрымыз І орынды иеленді.
- Театрымыздың актері Әли Бидахмет «САХНАГЕР» ұлттық театр сыйлығының «ҮМІТ» номинация иегері атанды.
- Театрымыздың артистері Г.Жакилина, А.Ағымбай, Б.Асқарбеков кино саласында да бақтарын сынауда. Театр артистері елорда телеарналарымен тығыз байланыста. Тікелей эфирлер, радио, теле бағдарламалардың тұрақты қонақтары. Театрымыздың «Қыз Жібек», «Ричард ІІІ», «Театр 180» спектакльдерін жақында ғана ашылған «Аbai.TV» арнасынан тамашалай аласыздар.
- 2020 жылдың 19 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорда әкімі Алтай Сейдірұлының қатысуымен театрымызға қазақтың бетке ұстар, біртуар режиссері, Халық Қаһарманы Мәмбетов Әзірбайжан Мәдиұлының есімі беріліп, театр атауы Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына өзгертілді.
- Театр актрисасы Шәкіржанова Ажар 2021 ж Әшірбек Сығай атындағы «Сын — шын болсын» республикалық театрлар фестивалі «ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК АКТРИСА» номинациясымен марапатталды.
- Театр актрисасы Шәкіржанова Ажар 2021 ж ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «THEATREALL-2021» халықаралық театр фестивалінде «Ромео-Джульетта» спектаклінде леди Капулетти рөлімен «Үздік эпизоттық әйел адам бейнесі» номинациясы иегері атанды.
- Театрымыздың актрисасы Гүлмира Жакилина 2021 жылы Президент Қасым Жомарт Кемелұлының бұйрығымен «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.
- Театр артистері: Нұржігіт Муслимов, Гаухар Жеңісова, Әли Бидахмет, Ақниет Жақсығали, Ақжол Амантай, Айбану Байболатова, Ербол Есендосов, Айнұр Жұмабаева, Әли Қалдар, Айдана Курашева, Әділжан Мағзомов, Айбол Шәкіржанов, Ажар Шәкіржанова, Қазыбек Аманжол, Аида Тәжінова, Ақбота Макежанова, ГИТИС ұйымдастырған театр қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатындағы шеберлік дәрісіне қатысып арнайы куәліктерге ие болды.
- 2022 жылы Мәдениет саласы қызметкерлері күні қарсаңында театрымыздың актрисасы Шәкіржанова Ажар «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен «ҚҰРМЕТ» ордені иегері атанды.
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II Халықаралық театр фестивалінде «ҮЗДІК РЕЖИССУРА» номинациясы бойынша Уланмырза Карыпбаев марапатталды
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II Халықаралық театр фестивалінде Қырғызстанның батыры, ел артисті Сабира Күмүшалиева атындағы сыйлықпен «Боранды бекет» қойылымындағы Зарипа рөлі үшін Аида Тәжінова марапатталды
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II Халықаралық театр фестивалінде Қырғызстанның ел артисті Болот Бейшеналиев атындағы сыйлықпен «Боранды бекет» қойылымындағы Әбутәліп рөлі үшін Әли Қалдар марапатталды
- Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «Боранды бекет» спектакліндегі Едіге рөлі үшін актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нартай Сауданбекұлы «Үздік ер адам рөлі» номинациясымен марапатталды.
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II Халықаралық театр фестивалінде Қырғызстанның ел артисті Алиман Жанкорозова атындағы сыйлықпен «Боранды бекет» қойылымындағы Үкібала рөлі үшін Ажар Шакиржанова марапатталды.
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II Халықаралық театр фестивалінде Қырғызстанның ел артисті Марат Алышбаев атындағы арнайы диплом және медальмен “Боранды бекет” қойылымындағы Сәбитжан рөлі үшін Әли Бидахмет марапатталды.
- Театрымыздың талантты актері, «Ауыл Хикаялары» спектаклінің режиссері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы Астана қаласы әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы атынан ҚҰРМЕТ грамотасын алды!
- 2023 жылы Белоруссия Республикасы, Могилев қаласында өткен «М@рт контакт» халықаралық театр фестивалінде «Чарли Чаплин» қойылымы «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алды.
- Республикалық театрлар арасындағы «Театр барысы» спорттық сайысында ауыр салмақта сынға түскен театр актері Ризабек Әли «Бас жүлде», орта салмақта Ілес Көпбосынов 3 орын алды.
- Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойы мен халықаралық театр күніне орай өткізілетін «Сәлем» халықаралық комедиялық театр фестивалінде театрымыз «Чарли Чаплин» трагикомедиясымен «БАС ЖҮЛДЕНІ» жеңіп алды.
- Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 26 қыркүйек — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «ҚАЗАҚША QUIZ» интеллектуалды сайысында театр қызметкерлері: Алдаберген Базарбайұлы, Айжан Назарханқызы, Ильяс Мұратбек, Ерасыл Ахан, Байболатова Айбану, Мельсова Бақытгүл, Бақытбек Рухия 17 команда ішінен суырылып шығып, жүлделі 2 орынды иеленді.
- Қазақстан драма театрларының ХХХ республикалық фестивалінде қазылар алқасының шешімімен «ҮЗДІК СПЕКТАКЛЬ» номинациясы бойынша Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының «БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» спектаклі /авторы: А.Елгезек, режиссері: Ә.Бидахмет/ бас жүлдеге ие болды. Фестиваль көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды.
2021 жыл 15-қазан театр Қарағанды облысында Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестиваліне Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының «Қыз жібек» лиро-эпосымен қатысты. Театр актрисасы Шакиржанова Ажар «Ең үздік екінші пландағы актриса» номинациясын алды.
29-30қазан Астана қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «TEATRaLL» фестивалі аясында театр А.Володиннің «Сені сағындым» спектаклімен қатысып, Театр актрисасы Шакиржанова Ажар «Үздік эпизодттағы роль» және Мүслим Нұржігіт «Үздік дебют» номинациясын алды.
2023 жыл 21-24 наурызда Беларусь республикасында ХVІ жастар театр фестивалінде «Чарли Чаплин» спектаклі «Үздік актерлық ансамбль» арнайы жүлдесіне ие болды.
2023 жыл 27-наурызда «Чарли Чаплин» Көкшетау қаласындағы фестивальде «Үздік комедиялық қойылым» номинациясын алды.
2023 жыл наурызда Қырғызстан республикасының ұлттық театр сыйлығында Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» драмасы «Ең үздік шетел спекткалі» номинациясын алды.
2023 жыл «Театр барысы-2023» турнирінде Әли Ризабек І орын, Ілес Көпбосын 3-орын жеңіп алды.
2023 жыл 16 маусымда Qazaqwa quiz ІІ орын.
2024 жыл 23 қыркүйек Повладар қаласы, «Ертіс Баян» І респ.театр феств. «Ақан сері туралы аңыз» спектаклімен «Үздік әйел» бейнесі Ақбота Макежанова марапатталды.
2024 жыл 4-қазан Өскемен қаласы ХХХ респуб.театр фестивалі «Болмаған балалық шақ» спектаклі «Үздік спектакль» номинациясымен «Бас Жүлде» жеңіп алды.
2025 жыл «Tiketon Awards-2024» жобасында «Танакөз» қойылымы «Жылдың үздік спектаклі» атанды.
2025 «BIKEN FEST» III- халықаралық театр фестивалінде «Үздік пластикалық режиссура» номинациясы бойынша «Чарли Чаплин» спектаклі марапатталды.