«Болмаған балалық шақ»

«Болмаған балалық шақ»

Показы завершены. Следите за афишей.

Драма, 1 сағат 30 минут

 

Авторы: А.Елгезек

Қоюшы-режиссері – Ә.Бидахметов

Қоюшы-суретші – Аружан Сайлаубайқызы

Жетім баланың тағдырынан сыр шертетін автобиографиялық әңгіме желісі көмескі тартқан өткен жылдарды суреттейді. Автор Ақберен Елгезектің қиялындағы ғұмыры, өмірден көрген тауқыметі, арпалысқа түскен бақытсыз күндері бейнеленген. Əкесінен жастайынан айырылған ол, анасынан да тірідей айырылып, қоршаған ортадан пана іздеген. Табиғат анамен тілдесе отырып, бүгінгі қоғамның алып тұлғасына айнала білді. Кітапқа жазған балаң шақтағы қияли ойлары талай тағдырластарының өткенін еске алуға септігін тигізді. Осынау өмірде ерте есейіп, бір уыс мейірімге шөлеркеген балалық шағының шытырман оқиғаға толы хикаяттары кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.