Трагедия, 2 сағат
Авторы: М.Әбіл
Қоюшы-режиссері – У.Карыпбаев
Қоюшы-суретші – Арман Теміртас
Ақан сері Ақан! Ақан аға, Ақан сері, жігіттің сұңқары… Қорамсаның Ақаны… Ақанның даусы… Ақанның әні… Ақанның үні… Ақан сөзі… Ақан жыры… Ақан ауылы… Ақан дәуірі… Бұл дәуірде жазылмаған арыз бар… От кеуде бар баса алмаған сан ызғар… Өкініштен өлең туған өлке бар, Бұл өлкеде Ақан жайлы аңыз бар… Қойылымда Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы оқиғалар тізбегі, Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» очеркі, Мұхтар Әуезовтің «Ақан-Зайра» пьесасы, Ақан Қорамсаұлының өз өлеңдері пайданылды. Спектакль Ақан серінің өміріндегі шын оқиғалардан бөлек шығармашылық топтың Ақан туралы ойларынан бастау алған.