Комедия, 1 сағат 20 минут
Авторы: Тахауи Ахтанов
Қоюшы-режиссері – Ж.Жұманбай
«Күшік күйеу» – Тахауи Ахтановтың шығармасы. Бұл шығармада әйелінің отбасы үйіне көшіп барған ер адамның өмірі мен күрделі қарым-қатынастары суреттеледі. Романда отбасылық қатынастар, дәстүрлі нормалар мен жеке болмыс мәселелері тереңінен қарастырылады. Басты кейіпкер жаңа отбасы мен ортада өз орнын табуға тырысып, түрлі қиындықтарға тап болады. «Күшік күйеу» комедиясы жастар тақырын қозғайтын өміршең шығарма. Өсіп қалған қызы бар кез-келген ата-ананың бала қамын ойлағаннан
туындаған күлкілі сахналық туынды. Спектакльдің тақырыбы, айтар ойы – қоғамның қай кезеңінде болса да ескірмейтіндігімен құнды. Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасуы, пайым-түсінігі сынды өзекті қоғамдық мәселелер көрініс тапқан.