Абай Күнанбайұлы. Қара сөздердің негізінде

Абай Күнанбайұлы. Қара сөздердің негізінде

Показы завершены. Следите за афишей.

1 сағат 30 минут

 

Автор: Абай Қ.

Режиссер: Илья.П.

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Астана қаласы әкімдігінің Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры жаңа қойылымды назарларыңызға ұсынады.

 

Өтетін уақыты: 28 қыркүйек 2025 жыл, сағат 18:00

Өтетін орны: Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры

Мекен-жайы: Астана қаласы

Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 30 минут

Физикалық театр жанрында сахналанатын «45» спектаклі Абайдың мәңгілік мұрасы – қара сөздерінің негізінде қойылды. Қоюшы режиссер – Илья Подчезерцев.

Қойылымда Абайдың философиялық ойлары, ар-ождан, әділет, ғылым мен білім туралы даналық тұжырымдары пластикалық қимылдар, сахналық пластика мен музыкалық әуен арқылы көрерменге жеткізіледі. Бұл – ұлы ойшылдың қара сөздерін жаңа көркемдік тілде ұсынатын ерекше шығармашылық ізденіс.

«45» – адамды рухани тазаруға шақыратын, ой мен сезімге әсер ететін сахналық тәжірибе. Әрбір көрініс – Абайдың адамзатқа қалдырған аманатының көркем бейнесі.