







Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылғы 1 қарашада ресми түрде ашылған Қазақстанның халық қаһарманы, көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры. 2020 жылғы 19 желтоқсанда театрға Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілді. Театрдың көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.
Театр ғимараты — «EXPO-2017» көрме кешені аумағында орналасқан заманауи өнер орталығы. Ол көпфункциялы сахна алаңымен, сондай-ақ кез келген ауқымдағы іс-шараларды — ірі концерттерден бастап көркемдік қойылымдарға дейін өткізуге арналған заманауи дыбыс және жарық техникасымен жабдықталған.
Толығырақ