Драма, 1 сағат 20 минут
Авторы:А.Володин
Қоюшы-режиссері – А.Оспанбаева
Қоюшы-суретші – Қанат Мақсұтов
Қай заманда қандай қоғамда болмасын отбасылық құндылықтың мәні жоғары бағаланады. Екі түрлі мінезді, сан қырлы таным-түсінікті бір арнаға тоғыстыру ерлі-зайыптылар өмірі үшін анау айтқандай оңай іс емес… Орыс драматургы А.Володиннің отбасылық қайшылықтарға толы бұл пьесасы сот залына келген ажырасушы тараптардың арыз-шағымдарына арқау болған. Сот залындағы бес отбасының ажырасу себептері де әртүрлі. Сатқындық, суынған сезімдер, сыйластықтың құрдымға кетуі…