Әли Ризабек Маратұлы

Әли  Ризабек  Маратұлы

Әли  Ризабек  Маратұлы  – театр актері. 1997 жылы 16 қыркүйек күні Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2005-2015 жылдары Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінен білім алды. 2015-2019 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, професор С.С.Мақұлбековтың шеберханасында «Қуыршақ театр артисі» мамандығында оқыды. 2018-2019 жылдары Балапан телеарнасында «Сезім қаласы» атты жобада Дудар есімді баланы сомдады. 2018 жылы Атырау қаласында өткен «Абай кеші» қайырымдылық концертінде жас Абай бейнесін кейіптеді.

Театрдағы рөлдері:

Д.Исабеков «Әштен» — Әштен,

У.Шекспир «Ричард ІІІ» — Кларенс.

Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» — ұры.

М.Мақатаев «Қош, махаббат» — мұғалім

Р.Киплингтің «Маугли» — Багира.

Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» — Балағаз

М.Әуезов «Жас Абай» — Жұмағұл

И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон «Арыстан патша» — Зазу

У.Шекспир «Ромео-Джульетта» — Меркуцио

А.Володин «Сені сағындым…» — Фотограф
Мольер «Сараң» — Фрозина
Ш.Айтматов «Боранды бекет» — Сәбитжан
М.Хэддон «Детектив Кристофер» — Полицей
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Мамыр
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы — Конферансье;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  — Ерден;
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Еркін