Көркемдік құрам
Бидахмет Әли Дәулетбекұлы — Алматы қаласы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы коледжінде «музыкалық театр артисі» Ерлан Карибаев, Есім Жүкеұлы, Мақсат Рахмет сынды ұстаздардан білім алады. Дипломдық спектакльдерде: Георги Хугаевтың «Қара шекпенінде» Құқар рөлін, Ағайынды Гриммдердің ертегісі «Бремен музыканттарындағы» Король рөлін сомдайды. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер Университетінде «музыкалық театр әртісі» мамандығын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқиды. 2018 жылы Айгүл Иманбаеваның А.И. театрына шықырту алып, «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» қойылымында Жантық рөлін кейіптейді.
2020 — 2022 ж Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Өнертану ғылымдарының магистрі»
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сомдаған рөлдері:
- М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясында – Бернард,
- Ж.Қ. Шайхисламұлы «Қыз Жібек» лиро-эпосында – Төлеген
- М.Фрейннің «Театр 180◦» комедиясында – Тим,
- Б.Томастың «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедиясында – Брассет.
5.У.Шекспирдің «Ричард» реквиемінде – герцог Бекингем,
- М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында – Айбар
- М.Әуезов «Жас Абай» драмасы — Оспан
- И.Меччи, Д.Робертс «Арыстан патша» ертегісі — Тимон,
9.У.Шеспирдің «Ромео-Джульетта» спектаклінде Бенволио
10.А.Володиннің «Сені сағындым» драмасында — Митя
11.Жан Батист Мольер «Сараң» комедиясында — Лафлеш
12.Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» драмасында — Сәбитжан
13.М.Хеддонның «Детектив Кристофер» драмасы — Кристофер
- С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Тілші
15.Чарли Чаплин — Чаплин
Режиссерлік жұмыстары:
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» драма
О.Бөкей «Ауыл хикаялары 2»
Р. Киплинг «Маугли» ертегісі
М. Құл-Мұхаммед «Әл-Фараби» әфсана
Мұқағали Мақатаев «МҰҚАҒАЛИ XXI»
Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ» драма
Мұхтар Шаханов «Танакөз» мелодрама
Айгиз Баймұхамедов «Тастанамыш Ана» драма
Телевизиялық бағдарламалар және кинодағы жұмыстары:
- 2015 жылы Тұрсынбек Қабатовтың «Көңілашар» жобасы актері;
- 2016 жылы «Самая лучшая свадьба на земле» фильмінде Асет рөлінде (Режиссер: Ермек Шахмет)
- 2018 жылы «Томирис» фильмі – Аспар рөлінде (Режиссер: Ақан Сатаев)
- 2019 Балапан телеарнасы «Super otbasy» тележобасы жүргізуші. Режиссерлер: Қарлығаш Әбдібаева, Исламжан Маралбаев
- 2023 жылы Хабар арнасы «Мәртебелі өнер» тележобысы режиссері
Жетістіктері:
- Колледж қабырғасында Бәйтен Омаров атындағы театр фестиваліне қатысып, «Қара шекпен» қойылымымен гран-при иеленді;
- 2017 жылы XX халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Актер шеберлігі» номинациясы бойынша Шәкен Айманов атындағы арнайы дипломмен марапатталды;
- 2019 жылы Мәскеу қаласында өткен VX Антон Чехов атындағы көркем сөз оқуларында «Маска» шығармасымен III орынды иеленді.
- 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатына ие болды;
- 2019 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясының иегері;
- 2019 жылғы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» МКҚК жұмыс қорытындысы бойынша Nomad театрының (қазіргі Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры) ең үздік актері атанды.
- 2020 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А.Кульгиновтың алғыс хатына ие болды;
- 2021 жылы театр күнінде — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» МКҚКдиректорының алғыс хатымен марапатталды
- 2022 жыл шеберлікті арттыру курсы Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты Башқұртстан
- 2022 жыл II халықаралық TeatrAII фестивалінде Сәбитжан ролі үшін Марат Алышбаев атындағы төс белгі иегері
- 2022 жылы мәдениет қызмкеткерлері күнінде «Құрмет» грамотасына ие болды