Курашева Айдана Қырықбайқызы

Курашева Айдана Қырықбайқызы

Курашева Айдана Қырықбайқызы – театр актрисасы. 1999 жылдың 12 мамырында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние келді. Павлодар қаласының №20 лицей-мектебін 2017 жылы аяқтап, музыкалық колледжде 1 жыл білім алды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандығына  оқуға қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

М.Мақатаев «Қош, махаббат» — хор

Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» – Элла

Р.Киплингтің «Маугли» – бөрі, елік

О.Бөкей «Ауыл хикаялары» — Жазира

И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» — Нала

У.Шекспир «Ромео-Джульетта» — Джульетта

А.Володин «Сені сағындым…» — Лариса
Мольер «Сараң» — Қызметші
Ш.Айтматов «Боранды бекет» — Айзада

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Мухайе
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Уна Онил;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  — Лиза;

Марапаттар: 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хат