Томанов Аян Нартайұлы

Томанов Аян Нартайұлы

Томанов Аян Нартайұлы – театр актері. Ол 1999 жылы 28 сәуірде Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келді. 2004-2014 жылдары Шымкент қаласындағы №77 мектеп-лицейінде білім алды. 2014-2018 жылдары Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінде «хорды дирижерлік ету» мамандығын тәмамдаған. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандығына оқуға қабылданды.

Театрдағы рөлдері:

М.Мақатаев «Қош, махаббат» – Бағдат

О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – жігіттер

А.Володин «Сені сағындым…» — музыкамен көркемдеуші/ музыкант
Мольер «Сараң» — Қызметші
Ш.Айтматов «Боранды бекет» — Еділбай

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Мамыр
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Сид;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  — Жақып;

Марапаттары: Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат