Жұмабек Ермахан Дулатұлы

Жұмабек Ермахан Дулатұлы

Жұмабек Ермахан Дулатұлы — театр актері. 2000 жылы 5-ші қазан күні дүниеге келген. 2005 — 2015 жылдары мектеп қабырғасында білім алған. 2015 — 2019 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет коллеждінде «драма театры әртісі» мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған. 2019-шы жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына қызметке тұрып, 1 жыл еңбек етті. Аталмыш театрдағы рөлдері: Дж.Р.Киплинг «Еркіндікті қалаған мысық» — Жылқы,  З.Хаким «Мәссаған!!! Сенсация!!!» — Өрт сөндіруші, Г.Х.Андерсен «Қар Ханым» — Дию, Қар,  Д.Родари «Көк жебенің саяхаты» — Поезд Бастығы, У.Шекспир «Макбет» — Дункан.

 

Театрдағы рөлдері:
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – жігіттер

У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – қызметші

А.Володин «Сені сағындым…» –  Белов
Мольер «Сараң» — Төбет
Ш.Айтматов «Боранды бекет» — Таңсықбаев

С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Режиссер
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Девид Гриффит;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  — Жаһанша;
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Жігіт

Жетістіктері: — 2017 жылы — Алматы қаласында өткен Інжу-Маржан атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық-дәстүрлі өнер байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде иегері; Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат