«Nomad City Hall» МКҚК Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тұрсынбек Қабатов.
2020 жылдың 19 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорда әкімі Алтай Сейдірұлының қатысуымен театрымызға Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің есімі беріліп, театр атауы «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» болып өзгертілді.
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры МКҚК Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Театр директоры – Майер Александр Викторович. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тұрсынбек Қабатов. 2018 жылдың 10 желтоқсан күні М.Фрейннің «Театр 180⁰» комедиясымен театр шымылдығы алғаш рет түріліп, көрермендерімен қауышты. Аталмыш спектакльдің режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев.