«Үміт»

2023 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 19:00-де, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Үміт» моноспектаклінің премьерасы өтеді. Авторы Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айтматов атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, драматург – Қайрат ИМАНАЛИЕВ. Қазақ тіліне аударған – Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қырғыздың «Молда Бағыш» атындағы әдеби сыйлығының иегері. Режиссері – Ш.Айтматов атындағы Қырғызстан жастар сыйлығының иегері Уланмырза КАРЫПБАЕВ. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Ерте жесір қалған Батма ананың еріне деген сағынышына енді ұлынан қатар айырылу қасіреті тап келеді. Сұм соғыс дерті кішкентай ғана бұл үй адамдарын да жалмап өтті. Бала қызығын көріп, келін түсіріп немере сүйсем деген ана арманы сағымға айналды. Жеңістің 75 жылдығына арналып жазылған бұл шығарма ана мен бала арасын айырған ғасырлық мұңдарға арқау болған туынды.
FaLang translation system by Faboba