Тұрсынбек Қабатов, көркемдік жетекші


	

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов - қазақстандық танымал сатира актері, «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі.

Тұрсынбек Аманғалиұлы  1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясынан бастаған. 2001 жылдан Көңілді тапқырлар клубында ойнады. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қабырғасында жүргенде «Аграрка сарбаздары», «Астана.кз», «Казахи» квн командаларының құрамында өнер көрсеткен. «Казахи» квн командасы құрамында 2010 жылы Халықаралық КВН одағы жоғарғы лигасында вице-чемпионы атанды. 2010 жылы ТМД елдерінің «Үздік КВН ойнышысы» атағымен марапатталған. 2011 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің «Әзіл Әлемі» әзіл-ысқақ театрының директоры. 2018 жылы «Nomad City Hall» МКҚК-ның директоры әрі көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.

 

Жетістіктері:

2003 жылы - Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының әкімі тағайындаған І-республикалық «Тайқазан» КВН ойынының жеңімпазы;

  • «Мыңнан тұлпар» атты Алматы қаласы әкімшілігінің кубогының жеңімпазы;
  • Қазақстан РеспубликасыЖоғары Лигасының 2-орын иегері;
  • Юнеско шеңберінде тойланатын ақын, күйші, батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған «Ел Орда - 2003» кубогының жеңімпазы;

2004 жылғы Алматы қаласының 150 жылдығына арналған Республикалық 1-лигасы V Чемпионатының Чемпионы;

2005 жылғы Республикалық Жоғарғы лигада 2-орын иегері;

2006 жылғы Республикалық Жоғарғы лиганың Чемпионы;

  • Қарағанды облысыәкімі кубогының жеңімпазы;
  • Қарағанды облысы әкімі кубогының «Үздік ойыншысы» иегері Астана.
  • «Студент көктемі-2006» І дәреже Астана.
  • «Елімнің ордасы -Астана» І дәреже

2007 жылы «Қазақ тілі – Ана тілі!» Республикалық патриоттық компаниясының аясында Қазақстан студенттер Альянсының Кубогы үшін ұйымдастырылған «Қазақша КВН» фестивалінің 2-орын иегері.

2008 жылы университеттің құрама командасы болып, Астана қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды.

2009 жылы 4 қарашада Астана қаласы Бейбітшілік және Келісім сарайында, 27 желтоқсанда Алматы қаласы Республика сарайында өзінің жеке әзіл кешін өткізді. 

2010 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Екі Жұлдыз» байқауына қатысты. Әріптесі Фарида Ниязова болды!

2011 жылы Базар Жоқ театрын ашты.

 

Марапаттары:

2014 жылы — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі» құрметті атағы берілді.

2014 жылы Казталов ауданының құрметті азаматы атанды.

2015 жылы — ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba