Шалғымбаева Аягүл


	

Шалғымбаева Аягул Кәрімжанқызытеатрдың грим бөлімінің меңгерушісі. 1992 жылы 20 сәуір күні дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Астана қаласындағы өнер мектебінде оқыды. 2008-2012 жылдары Қарағанды гуманитарлық колледжінде «дизайн бойынша суретші-мастер» мамандығының «дизайн» мамандандыруы бойынша білім алды. 2013-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Сценография. ТД және театр гримі» мамандығын игерді. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Мүсін» мамандығына оқуға түсіп, 2020 жылы «Өнертану ғылымдарының магистрі» атағын алып шығады. 2016-2017 жылдары «Астана Опера» және «Астана Балет» театрында келісімшарт бойынша, 2017 жылы ЭКСПО-да Амфитеатрда «Дала симфониясы» проектісінде, 2017-2018 жылдары «Жастар» театрында гример қызметін атқарды. 2019  жылдан бастап Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында еңбек етеді.

Жетістіктері:

  • 2014 жылы итальяндық шеберлерден грим бойынша шығармашылық практикадан өтті («Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры – «Аида» операсының премьерасы);
  • 2014-2015 жылдары «Шабыт акварель» көрмесіне қатысушы;
  • 2015 жылы Театр күніне арналған маскалар байқауына қатысушы;
  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Designer fashion house international» халықаралық фестивалінің «Боби арт» номинациясын иеленген;
  • 2016 жылы «Маска шоу» байқауына қатысушы;
  • 2018 жылы «Музей түні» акциясының ұйымдастырушысы.

 

FaLang translation system by Faboba