Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы
Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы – бас режиссер
Жұманбай Жұлдызбек Айтқалиұлы 1982 жылдың 1 қаңтарда Абай облысы, Абай ауданы, Кеңгербай би ауылында дүниеге келген.
Еңбектері:
1999-2002 жж. М.Төлебаев атындағы саз колледжінің «Актер» бөлімін бітірген.
2002-2006 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер Эстрада миниатюра» бөлімін тәмамдады.
2006-2012 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етті.
2012-2014 жж. Ресей Федерациясы «Театр өнері» институтының (ГИТИС) «Режиссер» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2016-2019жж Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Режиссер» болып жұмыс жасаған.
2019-2021 жж Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында режиссер қызметін атқарған.
2021-2023жж «Алатау» дәстүрлі өнер театрының Көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.
2024 жылдан бастап Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының бас режиссері