Шəкіржанова Əсел

Шəкіржанова Əсел (Ажар) Сəрсенбайқызы – театрдың жоғары санаттағы актрисасы. 1979 жылы 3 қыркүйекте Арқалық қаласында дүниеге келді. 1995 жылы Меңдіқара ауданының орыс мектебін аяқтап, Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Кино және театр өнер институтына түсіп, ұстаздары Фарида Шəріпова мен Асылбек Ықсанның шеберханасында оқуын 1999 жылы аяқтап, Қостанай облыстық қазақ драма театрында актриса болып 20 жыл жұмыс істеді. Театрда еңбек еткен жылдарда 40-тан астам сахналық бейне жасады.
Театрдағы рөлдері: 
У.Шекспир «Ричард ІІІ» – Королева Маргаритта
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» –  Қамқа
М.Әуезов «Жас Абай» – Ұлжан
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Ардақ
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – Апа
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – леди Капулетти
А.Володин «Сені сағындым...» -  Никуллина/ Ларисаның анасы 
Мольер «Сараң» - Клода, Комиссар       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Үкібала
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Джуди
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Башорат        
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Әлиханның анасы;    
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Әжесі, Тұрлығайша

І.Омаров атындағы театрда ойнаған рөлдері:
Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Ботка,
С.Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз» - Зияда,
І.Есенберлин «Хан Кене» - Күнімжан,
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» - Еңлік,
М.Байжиев «Құдалар» - Әсел,
Қазығұл «Міржақып» - Ғайнижамал,
Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - Жымиған,
Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Әлия,
Е.Төлеубай «Абай» - Дәлда,
В.Вампилов «Метронпаж» - Марина
Р.Куни «13» - Памела,
С.Балғабаев «Махаббат мейрамы» - Сағыныш,
Д.Патрик «Қымбатты Памела» - Памела,
Б.Жәкиев «Әке тағдыры» - Зура, Бурыл
«Махаббат пен кесапат» - Жанна,
Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық, мол жылдар» - Зәйкүл,
Е.Төлеубай «Есенин» - Галина Бениславская,
А.Шаяхмет «Өкініш» - Ана,
Ж.Әлмаш «Мұңмен алысқан адам» - Эльция,
Ж.Әлмаш «Қайырымды қала қарлығаштары» - Әйел,
А.Шаяхмет «Шоқанның шері» - Айсары,
Иран Ғайып «Шер-шемен» - Қосүрей,
«Шәмші» - Баронесса,
У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Леди Капуллетти,
Д.Исабеков «Тор» - Булгакова,
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» - Қатша,
С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» - Ана,
«Похищение луковицы» - Флора,
«Тілазар мысық» - мысық,
«Жаңа жыл» - Ақшақар,
С.Досанов «Ақбас бүркіт» - Ташенова
«Б.Майлин» - Гүлжамал,
А.Шаяхмет «Еңбек ері» - Кәмшат Дөненбаева,
М.Әуезов «Ай ман-Шолпан» - Шолпан,
Р.Киплинг «Маугли» - Ракша,
Е.Төлеубай «Мәриям-Ілияс» - Алма Оразбаевна,
Е.Төлеубай «Гоголь» - Ажал,
С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Мәдина,
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» - Китти,
Н.Хикмет «Фархат-Шырын» - Шырын,
Р.Мұқанова « Қызжылаған» - Қатша,
Е.Төлеубай «Жеңгетай» - Лола,
Ш.Құсайынов «Анамның ақ көйлегі» - Айман.

Кино мен жобалар:
- Хабар арнасы «Тайна и судьбы. М.Дулатов»
- Хабар арнасы «Тайна и судьбы. Б.Майлин»
- «Кім кінәлі» фильмі. 
  Жетістіктері:
 - 2009 ж - ҚР Мəдениет жəне ақпарат вице министрі Д.Мыңбайдың атынан Алғыс хат иегері.
- Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ү.Əкімбаеваның атынан Алғыс хат иегері.
 - 2010 ж - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Ы.Келінбердиеваның атынан Диплом иегері.
 - «Мәдениет» номинациясы бойынша Қостанай облысы "Қанатты әйел" қоғамдық тану әйелдер жетістіктері сыйлығын  иеленді.
- Мәдениет жән спорт министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атынан Құрмет дипломының иегері.
 - 2015ж – «Қостанай таңы» газетінің директоры Ж.Аязбековтың атынан  Алғыс хат иегері.
- «КГУ Қоғамдық келісім» аппаратының жетекшісі  К.Сандыбаеваның атынан алғыс хат иегері.
- «Қостанай облысының азаматтық альянсы», «Грин» қоғамдық қорының директоры Д.Утебаеваның атынан Алғыс хат иегері.
- 2016 ж Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай театр директоры А.Досжановтың атынан Алғыс хат иегері.
 - 2017 ж Меценаттар қазына клубының директоры В.Розиновтың атынан «Театр өнері - 2017» сыйлығының иегері.
- 2018 ж БШМ директоры  Л.Баймусинаның атынан Алғыс хат иегері.
- Вице-министр А.Райымқұлованың атынан Алғыс хат иегері.
- 2019 ж – «Мерейлі отбасы» байқауында  І дəрежелі Диплом иегері,  театр директоры С.Кемелбаевтің атынан Алғыс хат иегері.
- «Мерейлі отбасы» қалалық байқауында Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовтің атынан алғыс хат иегері.
- 2021 ж Әшірбек Сығай атындағы "Сын - шын болсын" республикалық театрлар фестивалі "ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ҮЗДІК АКТРИСА" номинациясымен марапатталды   
- 2021 ж ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "THEATREALL-2021" халықаралық театр фестивалінде "Ромео-Джульетта" спектаклінде леди Капулетти рөлімен "Үздік эпизоттық әйел адам бейнесі" номинациясы иегері

 

FaLang translation system by Faboba