Есендосов Ербол
Есендосов Ербол Мағзомұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. 1975 жылы 1 қарашада Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе селосында дүниеге келген. 1982-1992 жылдар аралығында Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы, ЖОББ мектебін тамамдаған. 1993 жылы Батыс Қазақстан Аграрлық Университеті "Ветеринария" факультетіне түсіп, оны 1998 аяқтаған. 2001 – 2004 жылдары Құрманғазы атындағы Саз колледжінде "Актер өнері" мамандығы бойынша білім алады. 2004 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп "Режиссура Бакалавр Академиялық дәрежесі" мамандығын алып шығады.
Шығармашылық мансабын 1992 жылы Шептікөл ауылының мәдениет үйінен бастаған Ербол Есендосов 1998 жылы сәуір айында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында алғашқы актерлік өнер жолын бастайды. 1999 – 2001 жылдары Жезқазған қаласы С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театрында еңбек етеді. 2001 жылдан 2021 жылдың наурыз айына дейін Х.Бөкеева атындағы БҚО Қазақ драма театрында шығармашылық жолын жалғаған. Қазіргі уақытта Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында қызмет етуде.
Театрдағы рөлдері:
М.Әуезов «Жас Абай» - Бөжей
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Капулетти
А.Володин «Сені сағындым...» – Сот
Мольер «Сараң» - Гарпагон
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Ғасыр
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Томпсон мырза
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Ұста Бақи
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Мак Сеннет;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы - Брюханов;
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Қалаң
Сахнадағы рөлдері:
1.И.Ғайып "Қорқыт". Қорқыт
2.И.Ғайып "Махамбет". Исатай
3.Р.Отарбаев "Сырым Батыр". Сырым
4.А.Чехов "Бәстесу". Максим Петрович
5.С.Балғабаев "Әдемі келіншек". Алтай
6.С.Балғабаев "Ғашықсыз ғасыр". Қайырбай
7.А.Камю "Калигула". Муций
8.Ш.Айтматов "Шыңғысханның ақ бұлты".
9.Р.Отарбаев "Жәңгірхан". Жәңгірхан.
10.Володин "Қос жебе".Жаусоғар
11.Ш.Айтматов "Қанды езу". Ақшулан
12.Ш.Айтматов "Ақ кеме". Оразқұл
13.М.Әуезов "Айман - Шолпан". Әлібек
14.Х.Ерғалиев. "Құрманғазы". Құрманғазы
15.Т.Ахтанов. "Ант". Сауран Султан
16.Т.Ахтанов. "Ант". Толе би
17.Шекспир. "Гамлет". Король Клавдий
18.М.Байджиев. "Құдалар". Бөпіш
19.Р.Куни "13 - номер".
20.Н.Сауданбекұлы. "Мұқағали - Нұрғиса". Мұқағали... және тағыда басқа әр түрлі жанрдағы жалпы саны 100 ден аса рөлдері бар.
Жетістіктері:
- 2000 жылы "Мәдениетті қолдау жылы" аясында, "Жылдың үздік актері". Жезқазған қаласы
- 2003 жылы Халықаралық "Шабыт" фестивалі "Қорқыт" қойылымы Қорқыт рөлі бойынша"Ең үздік ер адам бейнесі"
- 2003 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдығына арналған Н.Жантөрин атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы. Бас жүлде иегері
- 2005 жылы Дүниежүзілік эксперименталды театрлар фестивалі, Египет. "Қорқыт" қойылымы. Лауреат
- 2005 жылы ҚР Мәдениет Министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған
- 2007 жылы ақын, драматург И.Ғайып атындағы республикалық театрлар фестивалінде "Қорқыт" қойылымындағы Қорқыт рөлі бойынша "Ең үздік ер адам бейнесі" аталымына ие болды. Қызылорда қаласы
- 2013 жылы ҚР "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісіне ие болса, 2014 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алады
- 2020 жылы ҚР халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Жанботаев атындағы "Тұлға" сыйлығының иегері атанған
- 2020 жылы Халықаралық театр сыншылар бірлестігінің шешімі бойынша «Мен» қойылымындағы басты рөлі үшін "Үздік актер" атағын алған