Айымғазы Еңілік


	

Айымғазы Еңілік Ерболқызы – театр актрисасы. 1996 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Астана қаласының №48 Дарын мектеп-лицейін бітірді. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне «драма театрының режиссері» мамандығына магистратураға оқуға түсті. Ғылыми жетекшісі - Маемиров Асхат Максимович. 2021 жылы DISNEY-дің алтын классикасы «Арыстан патша» ертегісін сахналады.
Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатына ие болды.

Театрдағы рөлдері:
М.Фрейннің «Театр 180◦» комедиясында – Брук-Вики;
М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясында – Сюзанна;
Б.Томастың «Чарлидің әпкесі» музыкалық комедиясында – көпшілік сахнада;
У.Шекспирдің «Ричард» реквиемінде – Анна, Жендет;
Д.Исабековтің «Әштен» комедиясында – аудармашы;
М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында – Айша;
Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінде - Каа, жарамсақ табаки;
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» драмасы - Жанна;        
М.Әуезов «Жас Абай» драмасы  - Айғыз;
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы - Милдред Харрис;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» - қызыл маска;

FaLang translation system by Faboba