Амантай Ақжол


	

Амантай Ақжол Мейірханұлы – театр актері. 1998 жылдың 18 қыркүйек күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келді. 2004-2014 жылдары №15 орта мектебінде білім алды. 2008-2013 жылдары өнер мектебінде «вокал» үйірмесінде оқып, үздік аяқтады. 2014-2018 жылдары Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне «музыкалық білім беру» мамандығында оқыды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев  шеберханасына «Музыкалық театр артисі» мамандығына оқуға қабылданып, 2022 жылы тамамдады.
Театрдағы рөлдері:
У.Шекспирд «Ричард ІІІ»– граф Риверс
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы  «Қыз Жібек» - жігіттер
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Пумба
М.Әуезов «Жас Абай» - Жұмағұл
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» - музыкант (баяншы)
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Д.Исабеков «Әштен» - музыкант
А.Володин «Сені сағындым...» - музыкант      
Мольер «Сараң» - Қызметші
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Еділбай
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Орынбай       
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Роско Арбакл;    
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - НКВД;    
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Асыл

FaLang translation system by Faboba