Рахмашев Шыныбек
Рахмашев Шыныбек Инаматович – 1995 жылы 17 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы «актер шеберлігі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы тамамдайды. 2012 жылы Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетіне Б.Ибрагимовтың эстрада актері мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2016 жылы бакалавр дәрежесін алып шығады. Дипломдық спектаклде режиссер Б.Ибрагимовтың сахналауымен «Алдар көсе» музыкалық комедиясында басты кейіпкер Алдар рөлін кескіндеген.
Театрдағы рөлдері:
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» - Бабс
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Әбілов, пионер
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Банкомат
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Сатты
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Фред Карно
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы - НКВД;
А.Экзюпери «Кішкентай ханзада» - Ханзада
Телевидение:
- «Өмір сабақтары» Хабар телеарнасы бағдарламасы;
- «Cover-шоу» телевизиялық жобасы;
- «Тек қана қыздар» сериалы;
- «Аспаз» мектебі;
- «Алдар көсе в XXI веке» киносы;
Жетістіктері:
- 2023 жылы Қырғыз Республикасының мәдениет және спорт министрлігің ұлттық «Манас» театрының төсбелгісімен марапатталды.