Прекеш Дарын


	

Прекеш Дарын Әділханұлы – театр актері. 2002 жылы Ақмола облысы Зеренді ауданында дүниеге келді. 2019 жылы 11 сыныптық білімін  үздік тәмамдап, сол жылы ҚазҰӨУ «Драма театр және кино әртісі» мамандығы бойынша Қымбат Рамазанқызының шеберханасына оқуға түскен. 2021 жылы Мәскеуде өткен, ГИТИС ұйымдастырған «СЕРЕБРЯНАЯ ШПАГА» халықаралық байқауының арнайы сыйлығының иегері. 2022 жылы Мәскеуде «Театр СНГ» фестивалінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклімен өнер көрсетті. 2023 жылдан бастап Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына қызметке атқарады.

FaLang translation system by Faboba