Узакбаева Шапағат


	

Узакбаева Шапағат Сапаржанқызы – театр актрисасы. 2002 жылы 30 наурыз күні Қызылорда қаласында дүниеге келді. 2020 жылы мектепті алтын белгіге бітіріп, Қазақ ұлттық өнер университетіне ҚР Халық әртісі Тілектес Мейрамов шеберханасына «Драма театр және кино артисі»  мамандығына оқуға қабылданды. 2023 жылдан бастап Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына қызметке атқарады.
Рөлдері:
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Нигора
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - көпшілік сахна 
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы -  көпшілік сахна
М.Мақатаев «Қош, махаббат» – көпшілік сахна
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - көпшілік сахна

М.Әуезов «Жас Абай» - көпшілік сахна
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - көпшілік сахна        
FaLang translation system by Faboba