Фариза Байтлеу
2017-2021 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «Драма театры және кино актері» мамандығына қабылданады. Танымал актриса Меруерт Қаратайқызы Өтекешева және режиссер, актер Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаев шеберханасында дәріс алады. Дипломдық жұмыста Н.Гогольдің «Ревизор» шығармасында кейіпкер Анна Андреевнаның рөлін ойнаған.
2019 жылы «ТТТ» фестивалінде «Bon appetite» қойылымымен 2 орын иегері атанды.
2020 жылы Халықаралық «Современник» фестивалінде «Наизнанку» қойылымымен 1 орын иегері атанды.
2023 жылдан бастап Ә. Мәмбетов атыңдағы мемлекеттік драма және комедия театрында кастингктен өтіп жұмысқа қабылданады.
Театрдағы рөлдері:
М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясында - Сюзетта
Л.Вурвертон «Арыстан патша» - шакал
Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» - Шәмсия
С.Ахмад «Келіңдер көтерілісі» - тауық
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» - қыз