Ахан Ерасыл


	

      Ахан Ерасыл Канатұлы – театр актері. 1996 жылы 1 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Татан ауылында дүниеге келді. 2002-2014 жылдары Татан ауылындағы №23 орта мектебінде білім алды. 2014 жылы Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Актер мамандығы» бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов шеберханасында оқыды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандандығына оқуға қабылданып, 2022 жылы тамамдады.
Театрдағы рөлдері:
Р.Киплинг «Маугли» - Ата бөрі
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Шеге
М.Әуезов «Жас Абай» - Тәкежан
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Оралхан Бөкей «Ауыл хикаялары» - Шаған
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Рафики
А.Володин «Сені сағындым...» Кериалашвили
Мольер «Сараң» - Қызметші
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Қаранар
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Асқар  
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Генри Лерман;    
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Ахмет;    
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Орынғали

Жетістіктері:

  • 2016 жылы Рүстем Есдаулетов атындағы Республикалық жастар театрлары фестивальінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесінің иегері;
  • 2017 жылы Қарағанды қаласында өткен «Театр-творчество-талант» халықаралық фестивалінде «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесінің иегері.
  • 2017 жылы ХХ – халықаралық «Шабыт» фестивалінде «І дәрежелі дипломат» иегері атанды.
FaLang translation system by Faboba