Жакилина Гүлмира
Жакилина Гүлмира Тлебалдықызы – театрдың жоғарғы санаттағы актрисасы. Мәдениет саласының үздігі. 1977 жылы 13 ақпан күні дүниеге келген. 1984-1994 жылдары орта мектеп қабырғасында білім алған. 1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында театр және кино факультетінде актриса мамандығын игеріп, оқуды қызыл дипломмен тәмәмдаған.
1998 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында қызметке тұрып, 17 жыл еңбек етті. 2006 жылдан бастап №1 лицейде драма үйірмесінің жетекшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың сәуір айында Астана қаласы Көңілді Тапқырлар Театрында актриса қызметін атқарды.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн «Театр 180» - миссис Клакетт-Дотти
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - Герцогиня Йоркская
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» - Люция
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Сәлима
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - апа
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Хадиша
М.Әуезов «Жас Абай» - Қатша, әйелдер
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - күтуші
А.Володин «Сені сағындым...» - сот, әйел
Мольер «Сараң» - Жак
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Найман ана
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Александр ханым
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Фармон
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Әже
Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрындағы рөлдері:
1. С.Балғабаев «Ғашықтар болмайтын ғасыр» - Райхан.
2. О.Бөкей «Атау кере» - Айна, Марфа.
3. О.Бодықов «Үйленгім келмейді» - Тасбике.
4. Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Әсия.
5. У.Шекспир «Король Лир» - Регана.
6. Б.Мұқай «Тағдыр» - Гүлзи.
7. И.Сапарбай «Махаббат мейрамы» - Айгүл.
8. Ж.Ерғалиев «Бұлтты түнгі толған ай» - Бәтіш.
9. Ш.Бошбеков «Темір қатын» - Күмри.
10. Б.Соқбақбаев «Менің атым қожа» - әжесі, көршісі.
11. М.Байджиев «Арман – Ақ желкен» - Нәзи.
12. Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Биғайша.
13. С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» - Жолсерік.
14. М.Кәрім «Ай тұтылған түн» - Шафақ.
15. С.Асылбекұлы «Күзгі романс» - Назым.
16. Ш.Құсайынов «Анамның ақ көйлегі» - Майра.
17. М.Байджиев «Тіл табысқандар» - Сүйімқан.
18. Т.Қажыбаев «Ар мен ақша» - саудагер әйел, Күмісбике.
19. Т.Джюдженоглу «Қар көшкіні» - әйелі, шешесі.
20. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» - Баян.
21. С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Луфти.
22. М.Қасенов «Пай-пай, жас жұбайлар» - Ләззат.
23. Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Айзада.
24. Т.Уильямс «Құштарлық трамвайы» - Стелла.
25. С.Раев «О, қыздар» - Қарлығаш, комендант.
26. С.Асылбекұлы «Империядағы кеш» - Ұлжалғас.
27. Ж.Ерғалиев «Тойғандармен тозғандар» - Жамал.
28. Б.Ұзақов «Үміт» - Әлия.
29. Б.Әлімжанов «Отыз тістен шыққан сөз» - Айсәуле.
30. Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» - Айжан.
31. Ш. Ыдырысұлы «Ақнұр» - Зейни.
32. Л.Бернстайн «Ветсайд оқиғасы» - Розалия.
33. И.Содинов «Әпенденің бес қатыны» - Зүбайда.
34. Ж.Ерғалиев «Жетім тағдыр» - Сәуле.
35. Ж.Ерғалиев «Жан шырылы» - дәрігер.
36. Б.Әлімжанов «Құдалық» - Балауса.
37. Д. Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - Шәмшия.
38. К.Гольдони «Екі қожайынға бір қызметші» - Мирандолина.
39. А.Линдгрен «Балақай және Карлсон» - Фрекенбок.
40. О.Иоселиян «Отыз ұлың болғанша» - Софи.
Түскен кино-сериалдары:
- «Қазақ аруы»
- «Сиситай»
- «Класстастар»
- «Асыл арман»
- «Теңбіл доп»
- «Ұлы дала комедиясы»
- «Шырағым»
- «Махаббат бекеті»
- «Әкесінің баласы»
- «Екі жүз»
- «Өмір сабақтары»
Проектілер:
- «Базар жоқ алаңы»
- «Көңіл ашар»
- «Кеш жарық»
Жетістіктері:
- 2002 жылы Облыс әкімінің марапаты, Құрмет грамотасының иегері;
- 2006 жылы Театрдың 10 жылдығына орай Құрмет грамотасымен марапатталған;
- 2016 жылы Астана әкімінің театр күніне орай берілген «Үздік актриса» марапатының иегері;
- 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана комедия театрының «Үздік актриса» номинациясының иегері;
- 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатына ие болды.
- 2019 жылы Семей қаласында Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестивалінде театрдың жоғары санаттағы актрисасы Гүлмира Жакилина "ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ" номинациясымен марапатталды.
- Жакилина Гүлмира Тлебалдиевна кандидатурасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad City Hall» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жиналысында талқыланып, «06» тамыз 2019 жылы № 5 хаттаманың шешімі негізінде «Мәдениет саласының үздігі» марапаттауына ұсынылады.
- 2020 жылы Жакилина Гүлмира Мәдениет пен өнерге қосқан еңбегі үшін, А.Кульгиновтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
- Жакилина Гүлминра 2021 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
- 2022 жылы Жакилина Гүлмира Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыстады.
- 2022 жылы Мәскеу қаласында ГИТИС оқу орнында,онлаин форматта өткен мамандарды жетілдірілген оқытудан өтіп, арнайы Сертификат табысталды.
- Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған ІІ Халықаралық «TEATRALL» Театр Фестивалінде өткен «Актер шеберлігі» және «Сахна тілі» шеберлік сабақтарына қатысып, өзінің шеберлігімен көзге түскені үшін Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы С.Шапашов арнайы сертификатпен марапаттады.
- 2022 жылы Жакилина Гүлмира Кыргыз Республикасынын Маданият, маалымат, спорт жана жаштар саясаты министрлиги Қырғызстан Республикасының Халық әртісі, Токтогул Сатылганова атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Жамал Сейдакметованың арнайы медалімен және дипломымен марапатталды.