Курашева Айдана


	

Курашева Айдана Қырықбайқызы – театр актрисасы. 1999 жылдың 12 мамырында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние келді. Павлодар қаласының №20 лицей-мектебін 2017 жылы аяқтап, музыкалық колледжде 1 жыл білім алды. 2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне Сайлау Қамиев шеберханасына «Музыкалық театр әртісі» мамандығына  оқуға қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» – Элла
Р.Киплингтің «Маугли» – бөрі, елік
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Жазира
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Нала
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Джульетта
А.Володин «Сені сағындым...» - Лариса 
Мольер «Сараң» - Қызметші
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Айзада 
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мухайе
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Уна Онил; 
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Лиза;       

Марапаттар: 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хат

FaLang translation system by Faboba