Қалдар Әли


	

Қалдар Әли Жарасұлы театр актері. Ол 1997 жылы 25 қазан күні Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Көкшетау қазақ лицейін тәмәмдады. 2014-2018 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде «Музыкалық театр әртісі» мамандығын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. 2018 жылдың қазанында ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Иманбаеваның А.И. театрына жұмысқа кіріп, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклінде Қарабай бейнесін, М.Мейо, М.Эннекиннің «Менің әйелім өтірікші» комедиясында У.Гариссон бейнесін кейіптеді.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн «Театр 180» – Ллойд
М.Камолетти «Мерекелік меню» – Роберт
Б.Томас «Чарлидің әпкесі» – Бабс
У.Шекспир «Ричард ІІІ» – Хестингс
М.Мақатаев «Қош, махаббат» – Асан
Р.Киплинг «Маугли» Акела
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Қаршыға
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Жарас, Қалан
М.Әуезов «Жас Абай» - Абай
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Шрам
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - граф Парис
А.Володин «Сені сағындым...» - Козлов 
Мольер «Сараң» - Валер       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Әбутәліп        
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Полицей
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Нүктебек       
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Форд Стерлинг;  
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Әлімхан Ермеков;
А.Экзюпери «Маленький принц» - Принц;

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатына ие болды.
FaLang translation system by Faboba