Макежанова Ақбота


	

         Макежанова Ақбота Болатқызы – театр актрисасы. 1993 жылы 7 қыркүйекте  Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2009-2013 жылдары Қарағанды қаласы, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Музыкалық театр актері» мамандығында білім алды. 2014 жылы облыстық Қали Байжанов атындағы филармонияда концерт жүргізушісі болып жұмыс атқарды. 2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиевтен дәріс алып, 2018 жылы үздік дипломмен тәмәмдады. 2017-2019 жылдары Айгүл Иманбаеваның «АИ» театрының актерлік құрамында жұмыс істеді.
Театрдағы рөлдері:    
М.Фрейн «Театр 180» - Белинда-Флафия
М.Камолетти «Мерекелік меню» - Жаклин. 
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - леди Анна
Д.Исабеков «Әштен» - Есіркепова
М.Әуезов «Жас Абай» - Ділдә
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Ардақ
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Сараби
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - күтуші
А.Володин «Сені сағындым...» - Катя     
Мольер «Сараң» - Марианна
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Бұғы ана
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Гаскойн
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Сатты  
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Мейбл Норман;  
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - қызыл маска;   
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Маржан

FaLang translation system by Faboba