Муслимов Нұржігіт


	

Муслимов Нуржігіт Ақылбекұлы – театр актері. 1994 жылы 20 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. 2010-2014 жылдары Тараз қаласында Абай атындағы педагогикалық колледжінде «драма театр әртісі» мамандығы бойынша білім алған. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «музыкалық театр артисі» мамандығында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. Р.Томның «8 әйел» дипломдық жұмысында режиссер болды. 2023 жылы А.Экзюпери «Кішкентай ханзада» моноспектаклін сахналады.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн«Театр 180» - Гарри
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі»– Спетлайг
У.Шекспир «Ричард ІІІ» – Ричард
Р.Киплингтің «Маугли» - Шерхан
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Бекежан
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Автор
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» - Рафики
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Тибальт   
А.Володин «Сені сағындым...» - Белов             
Мольер «Сараң» - Лафлеш
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Мәңгүрт
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Роджер     
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Әтеш   
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Форд Стерлинг;  
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Боран;    

Жетістіктері:

  • 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатына ие болды.
  • Театр репертуарындағы Д.Исабековтің «Әштен» комедиясының режиссері.
  • 2021 жылы ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "THEATREALL-2021" халықаралық театр фестивалінде "ЖАҢА ЕСІМ" номинациясының иегері
  • Д.Исабековтің «Әштен» комедиясының қоюшы режиссері. О.Бөкей «Ауыл хикаялары» спектаклінің режиссері
FaLang translation system by Faboba