Иманғазинов Бағлан
Имангазинов Бағлан Садықұлы – театрдың жоғары санатты актері. 1975 жылы 3 наурыз күні Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ұмтыл ауылында дүниеге келген. 1982-1990 жылдары Жаңаталап орта мектебінде оқыды. Алматы қаласы Қаскелең кәсіптік-техникалық училищесінде «ұлттық музыкалық аспаптар жасау» бөлімінде 3 жыл білім алды. 1994-1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «музыкалық театр актері» мамандығы бойынша аяқтады. Ұстаздары: ҚР халық артисі, профессор К. Кенжетаев және профессор Е.Сегізбаев.
Шығармашылық мансабы 1998 жылы Көкшетау қаласының Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрында басталды. Аталмыш театрда 2016 жылға дейін үзіліссіз жұмыс істеді. 2016 жылдың 1 қазаннан бастап осы күнге дейін Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Актер өнері және режиссура» кафедрасының оқытушысы.
Сахнада ойнаған рөлдері:
Номад театрында:
М.Камолетти «Мерекелік меню» - Джордж
Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» - Френсис
У.Шекспир «Ричард ІІІ» - Король Эдуард ІV
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Ғ.Ғабитұлы
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - Қашыбай
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Сырлыбай
М.Әуезов «Жас Абай» - Бөжей
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» - өкіл
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Князь
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы - Міржақып Дулатов;
А.И театрында:
«Қозы көрпеш-Баян сұлу», Ғ. Мүсірепов, Жантық рөлі.
«Медея», Ануй Жан, Креон рөлі.
«Менің әйелім өтірікші» немесе (немесе «Таңғы ас»), М.Мэйо мен М.Эннекен, Джимми рөлі
Ш. Құсайнов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында:
1. А. Камю – «Калигула» - кәрі Патриций
2. А. П. Чехов – «Үш әпке» - Тузенбах
3. Қ. Мырзабек « Мәлік Ғабдуллин» - Мәлік Ғабдуллин
4. Ш. Айтматов «Ғасырданда ұзақ күн» - Жоламан
5. С. Жүнісов «Абылай» - Әлихан
6. Д.Рамазан «Кенесары - Күнімжан» -Кенесары, Горчаков
7. Ғ.Мүсірепов «Акан сері-Ақтоқты»- Жалмұқан
8. Қ. Ысқақ «Мазар» - Қапал
9. Б. Мұқай «Тағдыр» - Керім.
10. Т. Уильямс «Құштарлық трамвайы» - Стэнли
11. Д. Стэйнбек «Адамдар мен тышқандар» - Джордж.
12. У. Шекспир «Король Лир» - Эдмунд
13. У. Шекспир «Ричард III» - Cтэнли
14. Т. Ахтанов «Күшік күйеу» - Қабанбай
15. Б. Бошбеков «Темір қатын» - Әлімжан-конструктор.
16. М. Задорнов «Ақырғы әрекет» - Андрей
17. И. Содиков «Әпенденің бес қатыны»- Әпенді.
18. Иран Ғайып «Хан Абылай» - Шарыш
19. Иран Ғайып «Махамбет» - Баймағамбет
20. Е. Зайниев «Люстра» - Марс
21. С. Ахмат «Келіндер көтерілісі» - Мамыр
22. О. Бөкейханов «Атау кере» - аңшы шал.
23. С. Асылбекұлы «Империядағы кеш» -Айдар Сейітқалиевич
24. С. Асылбекұлы «Күзгі романс» - Сайлау
25. С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» -Асай Мүсеевич
26. М. Байжиев «Арман ақ желкен» - Ескендір
27. Б. Әлімжанов «Біржан салдың шідері» - Әзілкеш
28. М. Кәрім «Ай тұтылған түн» - Диуана.
29. Ш. Хусайнов «Анамның ақ көйлегі»- Кенже.
30. Ә. Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Мақсат.
31. С. Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» - Ыбырай
32. О. Бодықов «Үйленгім келмейді» - Кенжебек
33. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Сұлтан.
34. У. Шекспир «Вестсайд оқиғасы» - Араб.
Жетістіктері:
- «Бейбітшілік пен Келісімнің 25 жылы» республикалық фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне белсенді қатысқаны үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мусахаджаеваның атынан Алғыс хат;
- Бірнеше мәрте Ақмола облыстық мәдени басқармасының тарапынан «Мәдениетті өркендетуге қосқан үлесі үшін» құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған;
- 2013 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған;
- 2015 жылы 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай «Сахна өнерінің өркендеп, дамуына қосқан қарымды үлесі» үшін Қазақстан театр қайраткерлері одағының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатына ие болды.