Премьера! «Әштен» комедиясы

Құрметті көрермендер! 2019 жылдың 28 маусым күні, сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Номад театры Д.Исабековтің «Әштен» комедиясының премьерасына шақырады!

«Әштен» (комедия)

 

Пьеса авторы – Дулат Исабеков. Режиссер – Нұржігіт Муслимов. Киім суретшісі – Айнұр Есболатова. Музыкамен көркемдеген  – Нұрсұлтан Төрәлі, Ернұр Балапанов.

 

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар:

ӘШТЕН ЖЕЛДІБАЕВ –Нұржан Асылхан, ЖАНАЙДАРОВ Ғани Бердембетов, ЕСІРКЕПОВА Ақбота Макежанова, КҮЛӘЙ Орал Бауыржан, НҰСҚАУШЫЛАР – Бейбарыс Асқарбеков, Бақтияр Қуандық, САЛАХОВ – Бейбарыс Асқарбеков, МАШАНОВ - Бақтияр Қуандық, ОБЛЫС БАСШЫСЫ - Бақтияр Қуандық,  АҒА ЛЕЙТЕНАНТ – Бейбарыс Асқарбеков, СТАРШИНА – Бақтияр Қуандық, АУЛА СЫПЫРУШЫ,  МИСС ЧАРЛТОН –Дана Верещак, АҚ КӨЙЛЕКТІ ҚЫЗ, КҮЗЕТШІ, МИССИС ЧАРЛТОН  – Аида Жанзакова, ДӘРІГЕР – Әсел Нұртазина.

 

        Әштен Желдібаевті бүгінге дейін ешкім елемеген. Қарапайым аула сыпырушының өмірі бұлай күрт өзгереді деп ойламаған. Жанайдаровтың  қолдауын алып, бағасы өсе бастаған Әштеннің ендігі өмірі шекердей тәтті бола ала ма? Оңай әрі күтпеген бақтың бағасы қандай?

        Дулат Исабековтің «Әштен» комедиясы күлкілі оқиғаларға толы, астарлы әзілі басым. Спектакльде адам тағдырының түрлі кезеңдері көрініс тауып, тіпті бүгінгі тыныс-тіршілігімізден сыр шертеді.

                                                                

 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3

Байланыс телефоны: 8 7172 33 62 46

                                8 771 130 33 69

FaLang translation system by Faboba