«Ричард ІІІ» реквиеміне шақырамыз!

Құрметті көрермендер! Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласының Номад театры 2019 жылдың 6 қазан, сағат 18.30-да У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» реквиеміне шақырады!

Пьеса авторы – Уильям Шекспир. Режиссер - Фархад Молдағали. Композитор – Алсу Нигматуллина (Санкт-Петербург). Хореограф – Шырын Мустафина. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Хормейстер - Дилара Қарекенова. Режиссердің ассистенті - Нұржігіт Муслимов.

 

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар:

РИЧАРД – Нұржан Асылхан, Нұржігіт Муслимов, КОРОЛЬ ЭДУАРД ІҮ Бағлан Иманғазинов, ГЕРЦОГ КЛАРЕНС Ғани Бердембетов, ГЕРЦОГИНЯ ЙОРКСКАЯ Гүлмира Жакилина, КОРОЛЕВА МАРГАРИТА – Айша Ағымбай, КОРОЛЕВА ЕЛИЗАВЕТА – Әсел Нұртазина, ЛЕДИ АННА – Еңілік Айымғазы, Ақбота Макежанова, ГРАФ РИВЕРС – Әмірхан Оразбақ, ГЕРЦОГ БЕКИНГЕМ – Әли Бидахмет, ХЕСТИНГС – Әли Жарасұлы, ЛОРД РИЧАРД ГРЕЙ – Әділхан Үбайдоллаев, ЖЕНДЕТТЕР – Оралгүл Бауыржан, Аида Жанзакова, ЛОНДОННЫҢ ЛОРД-МЭРІ, АРХИЕПИСКОП – Альбина Валиева, ГЕРЦОГ КЛАРЕНСТІҢ ҰЛЫ – Мақсат Шайзақ, ГЕРЦОГ КЛАРЕНСТІҢ ҚЫЗЫ – Гауһар Жеңісова, ИНСТРУМЕНТТЕРДЕ: ЭЛЕКТРОГИТАРАДА - Нұрсұлтан Төрәлі,  Алмас Асқарұлы, БИТМЕЙКЕР (БИТ БОКС)Бейбарыс Асқарбеков, ФОРТЕПИАНОДА - Аян Томанов. ХОР: Ақжол Амантай, Ділнәз Ертаева, Ақниет Жақсығали, Айнұр Жұмабаева, Айдана Курашева, Қорлан Қартқожақова, Дана Верещак, Ақмарал Ержанова, Меруерт Куантаева, Аманбек Нұртай.

 

Әлемге әйгілі «Ричард ІІІ» трагедиясы - Уильям Шекспирдің хроникаларының озық туындысы. Билік жолында туған бауырының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың өмірі әркімге қызық әрі жұмбақ. Алайда, Ричардтың өмірді жек көруіне, осыншалық жауыз болуына себеп болған не нәрсе? 

          «Ричард ІІІ» реквиемінде сіз Ричардты басқа қырынан тани аласыз. Оның бауырларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Ричардтың жан дүниесіне тереңірек үңілсеңіз, ол жайлы бұрыңғы қалыптасқан ойыңыз өзгеруі әбден мүмкін.

                                                                

 Билеттерді тикетон, топ тикет сайттарынан және қала кассаларынан сатып ала аласыздар! Билет бойынша: 87752840296

 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3

Байланыс телефоны: 8 7172 33 62 46,

                                   8 771 130 33 69

FaLang translation system by Faboba