Номад театрына 1 жыл!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен елордамыздағы комедия театрының шымылдығы 2018 жылы 10 желтоқсан күні ашылды. Театр репертуарында тек комедиялық жанрдағы ғана емес, басқа да жанрдағы спектакльдер қойылғандықтан, театрымыз бүгінде «Nomad» атауына ауыстырылды. Ұжым құрамында 47 шығармашылық топ қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Театрымыздың репертуары:

1.  М.Фрейн «Театр 180º»  комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

2.  М.Камолетти «Мерекелік меню» комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

3.  Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедия (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

4.  У.Шекспир «Ричард ІІІ» реквием (Режиссері: Фархад Молдағали)

5.  Д.Исабеков «Әштен» комедиясы (Режиссері – Нұржігіт Муслимов)

6.  М.Мақатаев «Қош, махаббат» мелодрама (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

 

Театрымыздың жетістіктері:

- Театр актері Б.Әли 2019 жылдың 26-29 қаңтар күндері Мәскеуде өткен ІХ халықаралық А.П.Чехов атындағы көркемсөз оқулары байқауында ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

- 2019 жылдың 4 ақпан күні «Алау» мұзайдынында Астана театрлары арасында өткен «Көңілді старт» коньки жарысынан театр артистері ІІІ орынды иеленді.

- 2019 жылы театр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Театр күні-2019» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.

- Театр күні марапатқа ие болған театр артистері мен қызметкерлері:
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатымен: труппа жетекшісі Биримкулов Ернияз Рыскулович, театр актері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы және Валиева Альбина Ерікқызы.
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатымен: Жолболдин Асет Мамраевич, Муслимов Нуржигит Акылбекович, Алпысбаева Ләззат Қайратқызы, Жанзакова Аида Каржаубаевна, Асқарбеков, Бейбарс  Бақбергенұлы.
3. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатымен: Имангазинов Баглан Садыкович, Жакилина Гульмира Тлебалдиевна, Қалдар Әли Жарасұлы, Айымғазы Еңілік Ерболқызы, Ағымбай Айша Еркебұланқызы.

- 2019 жылы Номад театры алғаш рет жыл сайын өткізілетін ҮІІ «Самғау» халықаралық театр фестиваліне қатысып, алғыс хатпен марапатталды. 
- 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өнер мекемелері арасында өткен "Ой-зерек" интеллектуалды сайысында театрымыз І орынды иеленді.

FaLang translation system by Faboba