ҚЫЗ ЖІБЕК

ҚЫЗ ЖІБЕК (лиро-эпос)

18 қараша
19.00
Nomad City Hall

Режиссері — Дина Құнанбай
@dina_kiri14

«Қыз Жібек» лиро - эпостық дастаны - Төлеген мен Қыз Жібектің адал махаббатын әспеттеген қазақтың жақұт жырларының бірі. Қаншама ғасыр ел жадында сақталған жырдың 16 нұсқасы белгілі. Әлі күнге дейін өзектігін жоғалтпай келе жатқан туындының сыры неде? Сіз бен біз білетін қос ғашықтың қосылмауына кінәлі расымен де Бекежан ба, әлде Базарбайдың өз ұлына берген теріс батасының кесірі ме? Мүмкін сіздің ұсынар өз нұсқаңыз табылар?

  Жүсіпбек қожа Шайхисламұлының «Қыз Жібек» лиро-эпосында жырды жаңаша интерпретацияда тамашалай аласыздар. Спектакльде кейіпкерлердің ішкі күйін, жан тебіренісін, сезім иірімдеріне бұрыңғыдан тереңірек үңілуге мүмкіндік туады.

Қадірлі көрермен,  спектакльді тек 50 адам тамашалай алады. Билеттерді тикетон сайтынан сатып ала аласыздар. Театрға келгенде міндетті түрде маска тағып,  арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз.

#номадтеатры
#қызжібек

FaLang translation system by Faboba