ПРЕМЬЕРА "Жас Абай"

Қадірлі көрермен! Сіздерді қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтің "Жас Абай" драмасының премьерасына шақырамыз!
1️⃣5️⃣,  1️⃣6️⃣ желтоқсан
? 19.00
?Nomad City Hall

♦инсценировкасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, ♦режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов,
♦суретші – Айнұр Есболатова, хормейстер – Дилара Қарекенова, ♦хореографтар – Александр Виноградов, Әбілхайыр Кушкенов.  

       Бүгінде қазақ сахнасында «Абай» сахналанбаған театр кемде-кем. Дегенмен, әлі сахна көрмеген, ел жүрегін қан жылатқан, жас Абайдың есеюіне, ел ісіне араласуына түрткі болған бір оқиға бар. Ол – Кәмшаттың өлімі. Осынау жағдай Абайға қалай әсер етті? Ағайын араздығын тоқтату үшін оның жасаған әрекеті, сенімі ақтала ма? Сол жолда кезіккен «есіл Тоғжанға» деген жүрек түкпірінде жасырған сезім шоғын сөндіре ала ма?
    Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай сахналанатын «ЖАС АБАЙ» драмасында Абайдың жалынды жастық шағына, туысқандық қарым-қатынасына, өмірдегі естен кетпес махаббат хикаясына куә бола аласыздар.  

#номадтеатры
#жасАбай

FaLang translation system by Faboba