"АЗЕРБАЙЖАН МАМБЕТОВ: ПУТЬ К СЛАВЕ" кітабының тұсаукесері өтті.


Бүгін Алматы қаласында прозаик Назым Сапарованың "АЗЕРБАЙЖАН МАМБЕТОВ: ПУТЬ К СЛАВЕ" кітабының тұсаукесері өтті. Zoom конференциясы арқылы айтулы шараға біз де қатыстық. Тұсаукесер кезінде Халық қаһарманының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың 3 бөлімнен тұратынын, қысқаша таныстыруын тамашаладық. Кітап жөнінде пікір айтушы топтың жаңа кітап турасында ойларын, ескерту мен тілектерін де тыңдадық. Қалың көпшілікке таныстырылған ұлы суреткер жайлы құнды кітаппен танысуға асықпыз. Қазақ режиссурасында қайталанбас тағдыры бар, алтын дәуірді қалыптастырған өнер иесінің есімі ардақталғаны қуантады. Жақын уақытта кітаппен танысамыз деген үміттеміз.

FaLang translation system by Faboba