Жуырда театрда

Жуырда театрда

Әлемдегі ең  әйгілі ертегіші Уолт Дисней екендігі анық. Дисней әлем балаларын тіптен үлкендердің өзін таңқаларлық туындыларымен тамсандырған. Оның мультфильмдері ерлік пен батылдыққа, сезім мен романтикаға толы. Бұл аз десеңіз өмір жолында қатар жүретін ақ пен қараның ашық айқасын дәлме дәл суреттейді. DISNEY-дің алтын классикасына жататын «Арыстан патша» ертегісі  барша  әлемге әйгілі. Тақ иегері, ақкөңіл сәби Симбаның дүние есігін ашқанын түгел аң патшалығы асыға күтті. Қуанбаған бір ғана жануар – ағасы Шрам. Өзінің туғанына опасыздық жасау арқылы билікке келген Шрамның дәурені қалай болмақ? Симба іштегі өкініш пен үрейін жеңіп, әкесінің аманатын, даңғал жолын жалғастыра ала ма?

Музыкалы «LION KING» ертегісінде оқиға кейіпкерлерін басқа қырынан танып, классикалық шығармаға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туады.

FaLang translation system by Faboba