БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2022 жылдың 15, 16 желтоқсан  күндері  сағат  19:00-де, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Алаш жолы» драмасының премьерасы өтеді. Пьеса авторы: Қанат Жүнісов. Режиссері: Қуандық  Қасымов.Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Алаштың жүріп өткен жолы – қазақтың жолы!  XX ғасырмен жаңа заманды астастырған қойылым алаш көсемдері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков сынды зиялылар қауымының   тар жол тайғақ кешкен зұлматты жылдарынан сыр шертеді.                 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3
Байланыс телефоны: 87752840296, 8 7172 33 65 82, 8 7172 33 62 46

FaLang translation system by Faboba