«БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

2023 жылдың 19 және 21 мамыр күндері сағат  19:00-де, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында  Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» бестселлері желісімен қойылған «БОЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» драмасының ПРЕМЬЕРАСЫ өтеді. Режиссері: Әли Бидахмет. Спектакльді әсем әуенмен көркемдеген – Сұлтан Тұрсынбеков. Театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.                                   

Жетім баланың тағдырынан сыр шертетін автобиографиялық әңгіме желісі көмескі тартқан өткен жылдарды суреттейді. Автор Ақберен Елгезектің қиялындағы ғұмыры, өмірден көрген тауқыметі, арпалысқа түскен бақытсыз күндері бейнеленген. Əкесінен жастайынан айырылған ол, анасынан да тірідей айырылып, қоршаған ортадан пана іздеген. Табиғат анамен тілдесе отырып, бүгінгі қоғамның алып тұлғасына айнала білді. Кітапқа жазған балаң шақтағы қияли ойлары талай тағдырластарының өткенін еске алуға септігін тигізді. Осынау өмірде ерте есейіп, бір уыс мейірімге шөлеркеген балалық шағының шытырман оқиғаға толы хикаяттары кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.

FaLang translation system by Faboba