«Ақан сері туралы аңыз»
«Ақан сері туралы аңыз» қойылы. Режиссер – Ш.Айтматов атындағы жастар сыйлығының иегері Уланмырза Карыпбаев.
Инсценировка авторы – Мемлекеттік Дарын жастар сыйлығының иегері Мирас Әбіл. Қоюшы және киім суретшісі – Арман Теміртасов.
Пластика бойынша режиссер – Әлім Қайратович. Композитор-хормейстер – Анель Сиргебаева. Жарық суретшісі – Әли Бидахметов.
Жарық қоюшы – Ибрагим Оспанов.
Дыбыс қоюшы – Ернұр Балапанов, Әмірбек НағашыбайҮйректің атқызбайды қасқалдағы, Шебердің былқылдайды бас бармағы. Бұл күнде адам болдым төр алдында, Бір кезде Ақан едім аспандағы! Ақан сері Ақан! Ақан аға, Ақан сері, жігіттің сұңқары... Қорамсаның Ақаны... Ақанның даусы... Ақанның әні... Ақанның үні... Ақан сөзі... Ақан жыры... Ақан ауылы... Ақан дәуірі... Бұл дәуірде жазылмаған арыз бар... От кеуде бар баса алмаған сан ызғар... Өкініштен өлең туған өлке бар, Бұл өлкеде Ақан жайлы аңыз бар... Қойылымда Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы оқиғалар тізбегі, Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» очеркі, Мұхтар Әуезовтің «Ақан-Зайра» пьесасы, Ақан Қорамсаұлының өз өлеңдері пайданылды. Спектакль Ақан серінің өміріндегі шын оқиғалардан бөлек шығармашылық топтың Ақан туралы ойларынан бастау алған.