Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің туған күні

Бүгін (1932-2009) СССР Халық әртісі, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қарақалпақстанның Халық әртісі, СССР және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, «Халық қаһарманы» Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің туған күні. Ол Ресейдің Волгоград облысында туған. Алматы хореография училищесінде, А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында білім алды. Институт бітіргеннен кейін М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында, «Мосфильм» киностудиясында, Қазақ ССР Мемлекеттік кино комитетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Алматы театр және көркемөнер институтында жемісті еңбек етті. Институтты бітірген соң М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының режиссері, 1965 жылы бас режиссері қызметтерін атқарды. 1976 жылы СССР халық әртісі атағына ие болды. Бұның алдында ғана оған СССР және Қазақ ССР-ның мемлекеттік сыйлығы берілген болатын. «Отан», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» орден- медальдарымен марапатталған. «Халық қаһарманы» құрметті атағы берілген. СССР және Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, СССР және Қазақстанның халық әртісі атанған. Бүгінгі күні Әзағаң атауын мемлекеттік театр статусына көтерген жас театрдың құрылғанына 6 жыл толды. Осыған орай дәстүр бойынша 02.09 күні “Боранды бекет” қойылымымен театр өзінің VII театр маусымын ашады. Келіңіздер, театрда жүздескенше!
FaLang translation system by Faboba