Мамыр айындағы іс-шаралар

Nomad City Hall залында «Мисс Қазақстан» байқауы өтті

2019 жылдың 2 мамыр күні ғимаратымызда еліміздің талантты, сұлу қыздары бас қосқан 22-ші дәстүрлі «Мисс Қазақстан» байқауы өтті. Екі сағаттық шоу барлық жиналғандарды қызық конкурстық байқауларымен,  мерекелік көңіл-күймен таң қалдырды. Салтанатты шараның қонақтары: Қазақстанның этно-музыканты ЕДІЛ ҚҰСАЙЫНОВ, THE KITCHEN SOUGS қазақстандық жобасы, IL CANTO опералы квартеті.

 

Эстрадалық жұлдыздардың қатысуымен «Жүрек лебізі» қайырымдылық кеші өтті

Nomad City Hall залында 4 мамыр күні эстрадалық жұлдыздардың қатысуымен онкологиялық науқас баланы қолдауға арналған «Жүрек лебізі» қайырымдылық кеші өтті.  Концертте Ерлан Малаев, ДОС, Нұрлан мен Мұрат, Айгүл Иманбаева және т.б. Қазақстанның белгілі жұлдыздары өнер көрсетті. Кішкентай бүлдіршін Әбдікәрім Альарназды қолдау мақсатында, біздің «Nomad City hall» МКҚК басшылықтары концерт залын ұсынды.

FaLang translation system by Faboba