Театр 180°

М.Фрейн «Театр 180º» (комедия)

Театрдың өзі өмір. Спектакль толық дайын болғанға дейін талай қызықтар мен әр түрлі кедергілер орын алатыны белгілі. Шекспир кезеңінен келе жатқан «театр ішіндегі театр» әдісін қолданған Майкл Фрейннің  кейіпкерлер мен актерлердің тағдыры байланысқан туындысы көрерменге сахна сыртындағы тылсым әлемге енуге мүмкіндік береді. Тығырықтан жол табу кезінде шынайы өмір мен сахна өмірін айыра алмай, комедиялық жағдайларға тап болған актерлердің әрекеттері шынайы күлкі тудырады.

«Театр 180º» комедиясында труппадағы актерлердің шым-шытырыққа толы қарым-қатынасы көрініс табады. Әрбір кейіпкер үшін шынайы және сахналық өмір бір арнаға тоғысып, спектакльдің әрекетін комедиялық абсурд пен сатиралық гротескке жеткізеді.

FaLang translation system by Faboba