Маугли

2019 жылдың 30 қыркүйек күні, сағат 10.30 және 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінің премьерасы өтеді.

                 «Маугли»  (ертегі)

 

Авторы – Редьярд Киплинг. Қоюшы режиссер – Әли Бидахмет. Қоюшы суретшісі – Айнұр Есболатова. Балетмейстер – Анель Мырзагулова, Музыкамен көркемдеген – Нұрсұлтан Төрәлі.

 

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар:

 

МАУГЛИ – Қазыбек Аманжол, АНА БӨРІ – Айбану Байболатова, АТА БӨРІ Ерасыл Ахан, БАЛУ Бейбарыс Асқарбеков, ШЕРХАН Нұржігіт Муслимов, БАГИРА – Ризабек  Әли, АКЕЛА – Әли Жарасұлы, КАА Еңілік Айымғазы, ЖАРАМСАҚ ТАБАКИЛЕР – Бақтияр Қуандық, Альбина Валиева,  Еңілік Айымғазы,  БӨРІЛЕР – Ақниет Жақсығали, Алмас Асқарұлы, Гаухар Жеңісова, Айнұр Жұмабаева, Айдана Курашева.

 

Р.Киплингтің атақты «Джунгли кітабы» туындысы бүкіл әлемге белгілі. Жануарлар әлеміне тап болған Маугли есімді балақайға алғаш құшағын ашып, бауырына басқан бөрілер еді. Өзінің туған үйіне айналған Джунглиде Мауглидің жалғыз жауы – зұлым да қатыгез Шерхан. Бірақ, ешкімнен қорықпайтын жолбарыстың да осал жері бар. Ол – бүкіл орманға аты шыққан қызыл гүл. Ал, Маугли сол қызыл гүлдің құпиясын ашып, Шерханды жеңе ала ма?

         «Маугли» ертегісінде оқиға кейіпкерлерін басқа қырынан танып, классикалық шығармаға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туады.     

                                                   

 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3

Байланыс телефоны: 8 7172 33 62 46

                                   8 747 619 88 99

                   

FaLang translation system by Faboba