Жолболдин Әсет
Жолболдин Әсет Мамрайвич – көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі. 1982 жылы 15 маусым айында Ақмола облысы Қорғалжың ауылында дүниеге келген. Астана қаласы №26 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алып шығады. 1999 жылы С.Сейфулин атындағы агротехникалық университетте «Инженер-педогог» мамандығы бойынша оқуға түседі. Еңбек жолын «ВентСтройсистем» жекеменшік компаниясында офис менеджер ретінде бастаған. «Жиль Строй сервис плюс» компаниясында цех басшысы. 2018 жылы бұрыңғы «Nomad» театрына сахна машинисті болып қызмет атқарады. 2021 жылы қазіргі Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмыс жасап келеді.
Жетістіктері: 1999 жылы С.Сейфулин атындағы агротехникалық университетінде «Аграрка сарбаздары» КВН командасының белсенді мүшесі болған. 2019 жылы Нұр-сұлтан қаласы әкімі атынан арнайы алғыс хат.