2019 жылдың қорытындысы

Құрметті көрермендер! Осы уақытқа дейін бізбен бірге болғандарыңыз үшін сіздерге алғысымыз шексіз! 2019 жыл біздің Номад театрымыз үшін табысты жыл болды:
- 2019 жылы театр репертуары 6 спектакльмен толықты: М.Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясы, Б.Томастың «Чарлейдің әпкесі», У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» реквиемі, Д.Исабековтің «Әштен» комедиясы, М.Мақатаевтің «Қош, махаббат» мелодрамасы, Р.Киплингтің «Маугли» ертегісі.
- Театр актері Б.Әли 2019 жылдың 26-29 қаңтар күндері Мәскеуде өткен ІХ халықаралық А.П.Чехов атындағы көркемсөз оқулары байқауында ІІІ дәрежелі лауреат атанды.
- 4 ақпан күні «Алау» мұзайдынында Астана театрлары арасында өткен «Көңілді старт» коньки жарысынан театр артистері ІІІ орынды иеленді.
- Наурыз айында театрымыз Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Театр күні-2019» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.
- Театр күні марапатқа ие болған театр артистері мен қызметкерлері:
1.Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатымен: труппа жетекшісі Биримкулов Ернияз Рыскулович, театр актері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы және Валиева Альбина Ерікқызы.
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Нұркеновтің алғыс xатымен: Жолболдин Асет Мамраевич, Муслимов Нуржигит Акылбекович, Алпысбаева Ләззат Қайратқызы, Жанзакова Аида Каржаубаевна, Асқарбеков, Бейбарс Бақбергенұлы.
3. Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың алғыс xатымен: Имангазинов Баглан Садыкович, Жакилина Гульмира Тлебалдиевна, Қалдар Әли Жарасұлы, Айымғазы Еңілік Ерболқызы, Ағымбай Айша Еркебұланқызы.
- Номад театры алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын өткізілетін ҮІІ «Самғау» халықаралық театр фестиваліне қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
- Өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай "Nomad City Hall" МКҚК, Номад театрының кадр маманы Бақыт Каировна, театр музыканты Нұрсұлтан Нұриддинұлы, жарықпен әрлеуші Дамир Шәріпұлы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Б.Мажағұловтың АЛҒЫС ХАТымен марапатталды!
- Театрымыз "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" оңалту шарасына қатысып, қайырылымдылық концертін өткізіп, директор Е.Қ.Аманбайдың атынан алғыс хатпен марапатталды.
- 20-25 қыркүйек аралығында өткен Семей қаласындағы Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Ә.Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVII республикалық фестиваліне театрымыз қатысып, "ҮЗДІК ДЕБЮТ" номинациясымен марапатталды. Театрымыздың актрисасы Гүлмира Жакилина фестивальде "Театр 180" комедиясындағы Дотти рөлі үшін "ЕҢ ҮЗДІК ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ" номинациясын жеңіп алды.
- Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өнер мекемелері арасында өткен "Ой-зерек" интеллектуалды сайысында театрымыз І орынды иеленді.
- Театрымыздың актері Әли Бидахмет "САХНАГЕР" ұлттық театр сыйлығының "ҮМІТ" номинация иегері атанды.
           2019 жыл – Жастар жылына айтар алғысымыз көп, 2020 жыл да театрымыз үшін қажырлы еңбек пен нәтижелі жұмыстарға, үлкен жетістіктерге толы болатынына сенімдіміз! Келесі жылға жоспар көп, сіздерді қуантатын жаңа қойылымдар қойылмақ. Әрқашан бірге болыңыздар! Алдағы жыл сіздер үшін де сәтті, қуанышқа толы жыл болсын деп тілейміз!
FaLang translation system by Faboba