«САХНА САҢЛАҒЫ — 2020» театр сыйлығы
Құрметті ........! Сіздерді Нұр-Сұлтан қаласының «Сахна саңлағы - 2020» театр сыйлығының номинацияларына үміткер болуға шақырамыз!
Ережесі: Бұл сыйлыққа Нұр-Сұлтан қаласының барлық мемелекеттік және жеке меншік театрлары үміткер бола алады. Іс-шарада 2019 жылдың 10 наурызынан – 2020 жылдың 10 наурыз арасындағы жұмыстар бағаланады. Марапаттау рәсімі 2020 жылдың 27 наурыз - Халықаралық театр күні «Nomad City Hall» МКҚК, Номад театры сахнасында өтеді.
Үміткер театрлар 1, 2 немесе 3 спектакльге дейін ұсынып, өтініш білдіре алады. Өтініште ұсынылатын спектакльдер жайында толық ақпарат берілуі керек. 2020 жылдың 11 ақпанынан 10 наурызға дейінгі уақыт аралығында үміткер театрлар сарапшыларға спектакльдерді көрсетулері тиіс.
Ұсынылатын номинациялар:
- Үздік спектакль
- Үздік режиссер
- Үздік актер
- Үздік актриса
- ІІ пландағы үздік актер
- ІІ пландағы үздік актриса
- Үздік сценография
- Үздік балет артисі
- Үздік опера артисі
- Үздік менеджер
Үздік менеджерді таңдауда үміткер театрлардың 1 жылдағы көрермендер жөніндегі статистикасы, кірісі, фестивальдегі және конкурстағы жетістіктері, көрермендер тарапынан пікірлері, театр қойылымдарын жарнамалаудағы жаңа ізденістері, әлеуметтік желідегі белсенділігі, әлеуметтік желідегі оқырмандар саны т.б. театрдың техникалық, шығармалық деңгейін бағалау арқылы анықталады.
Нұр-Сұлтан қаласының
«Сахна саңлағы - 2020»
театр сыйлығының
ұйымдастыру комитетіне (театр атауы)
ӨТІНІШ
Театрдың толық атауы:
Қойылымның аты:
Авторы:
Премьера өткен уақыты (күні, айы, жылы):
Режиссері:
Қоюшы суретшісі:
Қойылымның жүру уақыты:
Басты рөлдер (кейіпкерлер мен орындаушы актерлердің аты-жөні):
Екінші пландағы рөлдер (кейіпкерлер мен орындаушы актерлердің аты- жөні):
Қойылымды сарапшыларға көрсететін уақыттарыңыз:
- Күні, айы, сағаты
- Күні, айы, сағаты
- Күні, айы, сағаты
Ескерту: Спектакль 2020 жылдың 11 ақпанынан 10 наурыз арасында сарапшыларға көрсетілуі керек (көрсетілім уақыты бойынша өзгерістер жүруі мүмкін). Өтініш әр спектакльге жеке-жеке толтырылады.
Өтініш This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды почтасына 2020 жылдың 5 ақпанына дейін жіберілуі керек.
Тел: 87711303369
Алпысбаева Л.